АХЖ-10 кластарының тізімі

АХЖ-10 — Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-шы қаралымы. 2007 жылдың қаңтары бойынша медициналық диагноздадың көпшілік мақұлдаған жіктемесі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрған. АХЖ-10 22 кластан (бөлімнен) тұрады, олардың әрқайсысы аурулар мен күйлер кодтарының тарауларынан тұрады.

Аурулардың халықаралық жіктемесі (АХЖ) туралы жалпы ақпарат алу үшін, Аурулардың халықаралық жіктемесі мақаласын қараңыз.

КлассБлокСипаттама
IАХЖ-10: Класс IКейбір инфекциялық және паразиттік аурулар
IIАХЖ-10: Класс IIІсіктер
IIIАХЖ-10: Класс IIIҚан мен қан түзуші органдар аурулары және иммунды механизмдерге қатысты жеке бұзылыстар
IVАХЖ-10: Класс IVЭндокринді жүйе аурулары, тамақтану және зат алмасу бұзылыстары
VАХЖ-10: Класс VПсихикалық аурулар және мінез-құлық бұзылыстары
VIАХЖ-10: Класс VIЖүйке жүйесі аурулары
VIIАХЖ-10: Класс VIIКөз және оның қосалқы аппараты аурулары
VIIIАХЖ-10: Класс VIIIҚұлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары
IXАХЖ-10: Класс IXҚан айналым жүйесі аурулары
XАХЖ-10: Класс XТыныс алу жүйесі аурулары
XIАХЖ-10: Класс XIАс қорыту жүйесі аурулары
XIIАХЖ-10: Класс XIIТері және тері асты шелі аурулары
XIIIАХЖ-10: Класс XIIIСүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіні аурулары
XIVАХЖ-10: Класс XIVНесеп-жыныс жүйесі аурулары
XVАХЖ-10: Класс XVЖүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең
XVIАХЖ-10: Класс XVIПеринаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар
XVIIАХЖ-10: Класс XVIIТуа біткен ауытқу (даму кемістіктері), деформациялар және хромосомалық бұзылыстар
XVIIIАХЖ-10: Класс XVIIIБасқа бөлімдерде жіктелмеген симптомдар, нышандар, клиникалық және зертханалық зерттеулердің нормадан ауытулары
XIXАХЖ-10: Класс XIXЖарақаттар, уланулар және сыртқы себептердің кейбір басқа салдары
XXАХЖ-10: Класс XXСырқау мен өлімнің сыртқы себептері
XXIАХЖ-10: Класс XXIХалықтың денсаулық жағдайына және денсаулық сақтау мекемелеріне жүгінуіне әсер ететін факторлар
XXIIАХЖ-10: Класс XXIIЕрекше мақсаттар үшін кодтар

Сыртқы сілтемелер өңдеу

Аурулардың халықаралық жіктемесі // Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ағыл.)