Михаил Фабианович Гнесин

Михаил Фабианович Гнесин (1883-1957) — орыс және кеңес композиторы, педагог, музыка және қоғам қайраткері. РКСФР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Екінші дәрежелі Сталин премиясының лауреаты[1].

Михаил Фабианович Гнесин
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған күні

2 ақпан 1883 (1883-02-02)

Туған жері

Ростов-на-Дону, Дон әскерінің облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

5 мамыр 1957 (1957-05-05) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, КСРО

Мемлекет

 КСРО
РКФСР (1917-1922)
Ресей империясы (1883-1917)

Мамандықтары

композитор, педагог, профессор

Жанрлары

опера

Өмірбаяны

өңдеу

Ростов қазыналық раввинның ұлы. 1901-1909 жылдары Санкт-Петербург консерваториясының композиция классы бойынша, алғашында Н.А. Римский-Корсаков, одан кейін А.К. Лядов класстарында оқыды.

1908 жылдан Екатеринодардағы музыкалық училищеде мұғалім болды.

1914-1921 жылдары Ростовдағы Халық консерваториясының және музыкалық мектептің басшысы болды.

1914 және 1922 жылдары Гнесин еврей қауымының музыкалық фольклорын зерттеу үшін Палестинаға барды.

1923 жылдан Мәскеуде: Музыкалық техникумда композициядан сабақ берді.

1925-1936 жылдары — Мәскеу, 1936-1944 жылдары — Ленинград консерваторияларының профессоры; 1941-1942 жылдары эвакуация кезінде Йошкар-Оладағы Мары музыкалық театрының музыкалық бөлімінің меңгерушісі болды.

1944-1951 жылдары Гнесиндар атындағы Музыка-педагогика институтының композиция кафедрасының меңгерушісі болды[1].

Шығармашылығы

өңдеу

Революцияға дейінгі шығармашылық кезеңде Михаил Гнесин символикалық бағыттағы мәдениет қайраткерлеріне жақын болды. Ол Константин Бальмонт және Федор Сологубтың тақпарына жазылған вокалдық циклдарды, Валерий Брюсов сөздеріне жазылған "Врубель" симфониялық дифирамбын, Софокл және Еврипид трагедиясының музыкасын жазды.

1910-1920-шы жылдары Гнесин шығармашылығында еврей мотивтері күштірек болды: осы кезеңдегі оның шығармаларының бірі — "Юность Авраама" операсы (1923), "Страницы из Песни Песней" (1919), "Пляски галилейских рабочих для оркестра" (1923), Иосиф Уткин өлеңдеріне жазылған "Повесть о рыжем Мотэле" вокалдық циклы бар — дегенмен, осындай мотивтерде шығармашылық жасау КСРО-да жағымсыз болып Гнесинның "Бар-Кохба" операсы бітірілмеген түрінде қалды.

1920-шы жылдардың ортасынан бастап Гнесин кеңестік ресми музыкалық мәдениеті қатарына ену үшін күш жұмсайды: "1905-1917" монумент-симфониясын құрастырды (1925), КСРО халықтарының музыкалық фольклорын өңдеуіне үлес қосты ("Адыгея" секстетінде, 1933).

Композитордың соңғы жылдарындағы шығармалары — "Красная Армия" кантантасы және "Памяти наших погибших детей" триосы (екеуі де — 1943 жылы). Гнесин сондай-ақ «Начальный курс практической композиции» оқулығын (1941) және «Мысли и воспоминания о Римском-Корсакове» (1956) кітабын жазды[1].

Дереккөздер

өңдеу