Сриниваса Раманужан Айенгор

Сриниваса Раманужан (там. சீனிவாச இராமானுசன்; ағылш. Srinivasa Ramanujan, 22 желтоқсан 1887 — 26 сәуіз 1920) - әйгілі үнді математигі. Раманужан ешқандай білімі жоқ, оқу-тоқусыз болса да өз бетімен математикаға құлшыныс танытып үлкен жетістіктерке жеткен. Ол сандар теориясына, соның ішінде p(n) жіктеуін асимптотикасын тауып (Годфри Хардимен бірлесіп), зор үлес қосқан.

1887 жылы Үндістанның оңтүстігінде брахмандар отбасында дүниеге келген. Анасы өте діншіл, баласын да солай тәрбиелеген.

Мектеп те ақ оның ерекше дарыны көріне бастайды. Мадраса қаласында бір студент оған тригонометриядан кітапша берген. Соны оқып шыққан Раманужан 14 жасында Эйлердің синустар мен косинустар формуласын тапқан.

16 жасында екі томдық математик Джордж Шубриж Карраның «Таза және қолданбалы математиканың элементар нәтижелері жинағы» атты кітабы оның қолына түседі. Ширек ғасырдай бұрын жазылған бұл еңбекті еш ЖОО бітірмеген не математиктер қоғымен араласпайтын жас (кейінірек Раманужан жетістіктеріне байланысты бұл кітапты математиктер қайта талдайды) Раманужан ерекше ынтамен оқып кетеді. Онда 6165 теоремалар мен формулалар еш дәлел дәйексіз дерлік келтірілген. Осылайша Раманужанның өзіндік ойлау, математикалық көзғарас қалыптасады.

Раманужан өз айтуы бойынша Бойындағы күш, сезім оны құдайды тануға әкелді, ал құдай оған шексіз талант пен шексіз дүниенің есебін шығару үшін сандар берді.

Ол ең бірінші болып жұмысын қаржы бөлімінен бастайды. Сонда жүріп жазған дүниелерін жинақтап Үндістанға белгілі-ау деген ғалымдарға көрсетіп, бір шешімін тапқысы келгенімен, нәтиже болмайды. Алғашқы хатын 1913 жылы Кембридж университетінің профессоры Годфри Хардиге жазады. Қолына түскен хатты оқып шыққан, профессор Г.Харди таң қалысын жасыра алмайды. Іштей басқа бір құрлықта өмір сүріп жатқан үндіс үшін іш жібіткісі де келген жоқ. Бірақ хаттағы формулалар кімді болмасын ойландыратын еді. Өйткені әлі ғылымда жоқ дүниені ашу, жаңалық әкелу ғалам үшін қайталанбас құбылыс еді. Харди «бұл формулаларды өтірік дейін десем ешкімнің соны ойлап табуға қиялы жетпеуші еді» деп Раманужанды тез арада университетке алдырғысы келді. Білімі толық емес, санасында сенген сандары ғана бар Рамануджан әлемге аты әйгілі, еуропаның ең беделді математигі, профессор Г. Хардимен жүзбе-жүз кездесіп қол алысты. Мұнда Рамануджан тек қана өзінің жазған, миына симай кеткен есептерінің белгілі бір кітапта не бір мақалада жарық көргенін қалады.

Тағы қараңыз

өңдеу

Кинода

өңдеу

Келесі фильмдерде бас кейіпкерлер математик Раманужанды сомдайды:

Сыртқы сілтеме

өңдеу