Синагога

Синагога (көне грекше: συναγωγή — жиын) — яһудиліктің ғибадатханасы. Синагога толық мәніндегі храм емес, онда садақа беруге, құрбандық шалуға рұқсат етілмейді. Негізінен ол қауым болып бас қосып, ғибадат жасайтын, қоғам мәселелерін шешетін үй болып саналады. Оның өз қазынасы, мүлкі бар. Еврейлер қауымдарын раввиндер басқарады. Раввинді беделі мен біліміне қарай қауымның өзі сайлайды. Синагогада яһудилікте ерекше маңызды саналатын «Шма, Израэль» (Тыңда Израиль) дұғасы оқылады. Синагоганың Иерусалимге қараған қабырғасына Көне өсиеттерде айтылатын кеме бейнесі орнатылып, оған иленген былғарыға қауырсынмен жазылған Тора мәтіндері қойылады. Үлкен Синагогада ерекше мейрамдарда хор ұйымдастырылады. Қазақстанда Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда қалыларында синагогалар бар. 1998 ж. Алматыда еврей мәдени орталығы ашылып, ондағы синагогаға Леви Ицхақ аты берілді.

Прагадағы ескі-жаңа синагога, 1270. Әлемдегі ең көне жұмыс істеп тұрған синагога
«Жаңа синагога» (Neue Synagoge), Берлин

Дереккөздер өңдеу

🔥 Top keywords: Шоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыСырым ДатұлыЫбырай АлтынсаринБауыржан МомышұлыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанБасты бетҰлы Отан соғысыСарматтарМәңгілік бала бейнеСемей полигоныАхмет БайтұрсынұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлкей Хақанұлы МарғұланЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызыл кітапКүнделік.кзХалықаралық ұйымдарМұнайҚазақстан географиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Арнайы:ІздеуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚытайТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкологиялық жүйеСақтарҚазақстанның сыртқы саясатыТуризмСын есімКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒаламдық экологиялық проблемалар