Санта-Круз (Калифорния)

Санта-Круз (ис. Santa Cruz) — Калифорния штатындағы қала, Санта-Круз округінің әкімшілік орталығы әрі ірі қалаларының бірі. 2010 жылғы санақ бойынша Санта-Круздің халқы 60 049 адамды құрады. Қала Монтерей шығанағының солтүстік жағалауында Сан-Францискодан оңтүстікке қарай 115 шақырым жерде орналасқан.

2007 жылы жергілікті бардың иесі Джесс Авшаломов (ағылш. Jesse Avshalomov) сыра мейрамының негізін қалады, санаулы жылдарда ол Халықаралық сыра күніне айналды[1].

Бауырлас қалалар өңдеу

ЕлҚала
РесейАлушта
НикарагуаХинотепе
ВенесуэлаПуэрто-ла-Крус
ИталияСестри-Леванте
ЖапонияСингу
ИспанияСанта-Крус-де-Тенерифе

Дереккөздер өңдеу

  1. Today is International Beer Day  (ағыл.)(англ.) на сайте myfoxla.com, 5 августа 2010

Сілтемелер өңдеу