Оқжетпес (футбол клубы)


Оқжетпес ФК — Қазақстан чемпионаттарында ойнайтын Қазақстан футбол клубы. Көкшетау қаласының Оқжетпес стадионы клубтың базасы болып табылады.

Қазақстан Оқжетпес ФК
Құрылған жылы

1968

Стадионы

Оқжетпес

Сыйымдылығы

4158 адам

Бас жаттықтырушы

Қазақстан Андрей Карпович

Жарыс

Қазақстан Премьер Лигасы

2020

11-ші (бірінші лигаға түсіп кетті)

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Тарихы

өңдеу

Клуб 1968 жылы құрылған. 1991 жылға дейін КСРО чемпионатының екінші лигасындағы сегізінші аймақта ойнады. 1970 жылы осы аймақта 7-орын алды, бұл кеңестік дәуірдегі ең жоғары көрсеткіші боп тарихта қалды.

1979 жылы клуб алтыншы аймаққа қосылды (бұл аймақта Сібір және Қазақстан клубтары күш сынасты). Бірақ маусым соңында 21-орында қалды, есесіне географиялық көршілері "Авангардты" 7:2 есебімен ұтты. Бұл клубтың КСРО дәуіріндегі ең ірі жеңісі болатын.

1980-1987 жылдары Қазақстан аймағында 10-орыннан жоғары көтеріле алмады. 1987 жылы клуб тарихы тоқтап қалды да, 1990 жылғы маусымда "Спартак" деген атаумен қайта құрылды.

1993 жылы Қазақстанның екінші чемпионатында маусым барысында жарыстан шығып қалды. 1994 жылы "Көкше" деген атаумен қайта пайда болып, бірінші лигада ойнады.

1996 жылы чемпионаттың 19-турынан соң тағы да жарыстан шығып қалды. 1999 жылы "Ақмола" деген атаумен қайта пайда болды.

2009 жылы тұңғыш рет Еурокубоктарға қатысты. УЕФА Еуропа Лигасының бірінші сатысында Молдованың "Зимбру" клубымен кездесті. Әуелі сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіп келген қызылжарлықтар өз алаңында 0:2 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен, "Оқжетпес" УЕФА Еуропа лигасында сырт алаңда жеңіске жеткен тұңғыш клуб боп тарихта қалды.

2000-2010 жылдары үзіліссіз жоғары дивизионда ойнады. 2010 жылғы маусым қорытындысында бірінші лиғаға түсіп қалды да, бір маусымнан соң қайта оралды. Кейін 2015, 2016, 2018 жылғы маусымдарды да бірінші лигада өткізді. 2019 жылы элитаға орала алды.

2019 жылғы чемпионатта жетінші орынға жайғасты, бұл клуб тарихындағы ең үздік нәтиже болды. Бірақ 2020 жылғы маусымда клуб қайта нашарлап кетті, Оған COVID-19 пандемиясына байланысты чемпионаттың қайта-қайта тоқтатыла беруі себеп болды. Алматыда қайта жайғасқан чемпионатта да клуб айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. 21 қараша күні "Каспиймен" өткен шешуші ойында көкшеліктер 1:2 есебімен есе жіберіп қойды да, лигада қалу мүмкіндігінен түпкілікті айрылды. Маусымды 11-орынмен қорытындылап, бірінші лигаға түсіп кетті. Бірақ кейін көкшеліктердің бақытынан орай премьер лига клубтарының саны 14-көбейтілді де, "Оқжетпес" 2021 жылғы маусымды премьер лигада өткізетін болды.

Ірі жеңісі

өңдеу

Қазақстан чемпионаты

Ірі жеңілістері

өңдеу

Қазақстан чемпионаты

Атаулары

өңдеу
  • «Торпедо» (1968-1987)
  • «Спартак» (1990)
  • «Көкшетау» (1991-1992)
  • «Көкше» (1994-1999)
  • «Ақмола» (2000)
  • «Есіл» (2001-2003)
  • «Оқжетпес» (2004-о.у)

Жетістіктері

өңдеу

Қазақтан чемпионаты

  • 5 орын (1): 2016

Кубок

  • 1/4 финал (7): 1993, 2001, 2006, 2011, 2015, 2016, 2017

1 лига

  • Жеңімпаз (2): 2014, 2018
  • 2 орын (1): 2011
  • 3 орын (4): 1994, 1995, 1999, 2013

Құрамы

өңдеу

2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша

ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы
1Вячеслав Граб21.09.1993 Ресей
31Руслан Абжанов28.04.1990 Қазақстан
35Ярослав Багинский03.10.1987 Қазақстан
75Александр Довгаль07.08.2000 Қазақстан
ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы
2Антон Куксин03.07.1995 Қазақстан
3Владимир Седельников15.10.1991 Қазақстан
5Дмытро Рыжук05.04.1992 Украина
6Бексұлтан Шәмші08.10.2000 Қазақстан
8Виктор Гунченко25.08.1994 Қазақстан
Ресей
15Нияз Ыдырысов21.07.1999 Қазақстан
21Аскат Эрмекуулу18.06.1995 Қазақстан
Қырғызстан
27Бексұлтан Амангелді11.06.1997 Қазақстан
74Никита Губарев17.04.2004 Қазақстан
Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы
7Максым Драченко 28.01.1990 Украина
9Тимур Арчаков15.01.2003 Қазақстан
10Әділ Батталов16.10.1999 Қазақстан
22Гурам Тетрашвили02.08.1988 Ресей
23Нұрғайни Бөрібаев20.08.2002 Қазақстан
24Милан Стоянович10.05.1988 Сербия
30Санат Жұмаханов 30.01.1988 Қазақстан
55Никита Михайлов15.03.2005 Қазақстан
65Сұлтан Қайратұлы28.06.2001 Қазақстан
66Мейрамбек Қалмырза15.12.2002 Қазақстан
71Таймураз Тобоев09.03.1995 Ресей
77Мирас Амантаев24.02.2003 Қазақстан
99Александр Шиманский25.07.1999 Қазақстан
ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы
11Самат Сәрсенов19.08.1996 Қазақстан
Ресей
17Жасұлан Молдақараев 07.05.1987 Қазақстан
44Мұқағали Паңгерей08.02.2004 Қазақстан
88Руслан Болов07.05.1994 Ресей

Сілтемелер

өңдеу