Майкл Коллинз
Майкл Коллинз (31.10. 1930 ж.т., Италия, Рим - 2021) – АҚШ ғарышкері, Айға алғаш ұшқан адамдардың бірі. АҚШ Әскери академиясын бітірген соң (1952), Эдуардс базасындағы әскери-әуе күшінде сынаушы-ұшқыш болып қызмет етті. 1963 ж. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының (NASA) ғарышкерлер тобына алынды. Дж. Янгпен бірге “Джемени-10” ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты (18 – 21 шілде 1966 ж). Ұшу барысында 2 рет ғарыш кемесінен ғарыш кеңістігіне шықты. “Аполлон-11” ғарыш кемесімен Айға ұшты (16 – 24 шілде 1969 ж.). Н.Армстронг пен Э.Олдрин Ай бетіне түскенде, ол Ай төңірегіндегі орбитада қалды. Айдың көрінбейтін бетіндегі кратердің біріне Коллинздің есімі берілген.
Дереккөздер өңдеу
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: IP адресХлоропластБірінші дүниежүзілік соғысТопырақтың деградациясыМартин Лютер КингИнсулинАТФБасты бетКорея Республикасының экономикасыТрансляция (биология)ГемоглобинҒаламдық мәселелерПарниктік газдарБалқан түбегіДНҚМиозинАбай жолы (роман)Ақпараттық қауіпсіздікЖасуша мембранасыТөрттік одақКальцийТрансформаторАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріПостиндустриалды қоғамНілАзаматтық қоғамШарль де ГолльФотосинтездің жарық және қараңғы фазаларыҮштік одақҚазақстан географиясыОтарлау саясатыЕкінші дүниежүзілік соғысСудың ластануыХемосинтезПарсы шығанағыФотосинтезХимиялық ластануҚазақстанның экономикалық аудандарыАдам даму индексі бойынша елдер тізімі