Батыс Тәңір тауы

(Батыс Тянь-Шань бетінен бағытталды)

Батыс Тәңір тауыОрталық Азиядағы тау жүйесі, Тәңір тауының батыс бөлігі. Батыс Тәңір тауын Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Шатқал (4503 м), Құрама, Пскем, Өгем (Угам) және Қаратау жоталары құрайды. Жоталар прекембрий мен палеозойдың шөгінді, метаморфтық және жанартаутекті жыныстарынан (тақтатас, әктас, құмтас, мәрмәр, гнейс, гранит, эффузиялық жыныстар, т.б.) түзілген. Батыс Тәңір тауы жоталары герциндік қатпарлану қозғалысына ұшырап, тегістелу (пенеплендік) процесін өткерген. Сондықтан, бұлар онша биік емес, тау бастары жайпақ, батыс беткейлері көлбеу, шығысы құлама келеді. Жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда темір, молибден, ванадий, қорғасын кентастары, тас көмір және қоңыр көмір, каолин, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Мұхиттардан алыс жатқандықтан онда қуаң климат қалыптасқан. Климаты тым континенттік. Жоталарының оңтүстік-батысындағы тау аңғарларында ауаның орташа температурасы қаңтарда - 3-5°С, шілдеде 20-25°С, жоғарғы белдеулерде қаңтарда - 10-15°С және одан да суық, ал шілдеде - 10-15°С болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау аңғарлары мен етегінде 150-450 мм, одан биік белдеулерде 450-800 мм. Батыс Тянь-Шань таулары Шу, Талас, Сырдария өзендерінің суайрығы болып табылады. Тау аңғарлары мен баурайларында тәлімі және суармалы егіншілік, мал шаруашылығы дамыған. Талас Алатауы мен Өгем жоталарында

Тәңір тауы

Сілтеме

өңдеу