Алматы декларациясы

Алматы декларациясы немесе Алматы келісімі (орыс. Алма-Атинская декларация) — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) нысандары мен принциптерін қабылдаған декларация. Оның нәтижесінде КСРО ыдырауы өз мәресіне жетті де, ТМД құрамына Ресей, Беларусь пен Украинадан басқа тағы 8 тәуелсіз мемлекет қосылды.

Алматы декларациясы

4 Кеңестік республикалардың басшылары, солдан оңға: Украина президенті Леонід Кравчук, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Борис Ельцин және Беларусь Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Станислав Шушкевич ТМД құру туралы Келісімге қол қойғаннан кейін, Алматы, Қазақстан, 1991
Қол қойылды
— болған жері
21 желтоқсан 1991
Алматы, Қазақстан
Күшіне енді21 желтоқсан 1991
Қол қойылды Ресей: Борис Ельцин
 Беларусь: Станислав Шушкевич
Украина: Леонід Кравчук
 Армения: Левон Тер-Петросян
 Әзербайжан: Аяз Мүтәллибов
 Қазақстан: Нұрсұлтан Назарбаев
Қырғызстан: Асқар Ақаев
 Молдова: Мирча Снегур
 Тәжікстан: Рахмон Набиев
 Түрікменстан: Сапармұрат Ниязов
 Өзбекстан: Ислам Кәрімов

Алматы келісімінен бұрын 1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина және Беларусь басшылары Кеңес Одағын таратып, ТМД-ны құру туралы Беловеж келісімінде келіскен еді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Алматыда кездесті де, Алматы декларациясы атауын алған келісімге өз қолдарын қойған. Сол күні Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина арасында «Ядролық қаруға қатысты өзара шаралар туралы» аталған жеке шартқа да қол қойылған еді. Оның нәтижесінде сол елдердің ядролық қарулары Ресейге берілді.

Посткеңестік республикалар арасында қатыспай қалған тек Грузия (ол ТМД құрамына кейін кірді), Литва, Латвия және Эстония еді. Балтық теңізі маңындағы үш мемлекет қол қоюдан және ТМД құрамына кіруден мүлдем бас тартты, олар өздерінің елдері КСРО құрамына заңсыз енгізілді деп санайды.

Дереккөздер өңдеу

🔥 Top keywords: Шоқан Шыңғысұлы УәлихановАбай ҚұнанбайұлыСырым ДатұлыЫбырай АлтынсаринБауыржан МомышұлыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанБасты бетҰлы Отан соғысыСарматтарМәңгілік бала бейнеСемей полигоныАхмет БайтұрсынұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның экологиялық проблемаларыӘлкей Хақанұлы МарғұланЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚызыл кітапКүнделік.кзХалықаралық ұйымдарМұнайҚазақстан географиясыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Арнайы:ІздеуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚытайТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкологиялық жүйеСақтарҚазақстанның сыртқы саясатыТуризмСын есімКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҒаламдық экологиялық проблемалар