Агарик тұқымдастар

Агарик тұқымдастар - (лат. Agaricomycetes) - базидиомицет класының гименомицеттер қатарына жататын саңырауқұлақтар.

Шыбынжұт - Агарик тұқымдастардың уәкілі

Биологикалық сипаттамасы

өңдеу

Агарик тұқымдастардың жеміс денесі үлкен, бір түбірлі, жоғарғы жағында қалпақшасы бар. Осы құрылысына қарап, бұларды қалпақшалы саңырауқұлақтар деп те атайды.
Базидиоспора шығаратын мүшесі - гименофор пластинкалары, қалпақшаның төменгі жағын айнала қоршап тұрады.
Агарик тұқымдастар - топырақтағы өсімдік қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Кейбір түрлері жоғары сатыдағы өсімдік тамырларымен микоризалық тіршілік етеді.
Агарик тұқымдастарға жататын 6 топқа жататын 700-ден астам түрі белгілі, олардың 20-30 түрі ғана жеуге жарайды, улы түрлері де көп.

Таралуы

өңдеу

Қазақстанда 300-ден астам түрі өзен бойындағы тоғайларда, орманда, таулы жерлерде өседі. Шөлді аймақта наурыз-сәуір айларында ақ саңырауқұлақ кездеседі. Қазақстанда өсетін Агарик тұқымдастардың улы түрлерінің ең көп таралғаны - Шыбынжұт, немесе аммонита деп аталатын саңырауқұлақ.

Дереккөздер

өңдеу
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998