PubChem — химиялық қосылыстар мен қоспалардың жалпыға қолжетімді дерекқоры . АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының (NIH) бөлімшесі болып табылатын АҚШ Ұлттық медицина кітапханасының бөлімшесі, АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығы (NCBI) жүргізеді. 80-нен астам әртүрлі дерекқорлар PubChem дерекқорының өсуіне ықпал етеді[1].

PubChem
логотипі
URL

https://pubchem.ncbi.nlm.nih.gov/

Коммерциялық

жоқ (Қоғамдық игілік)

Тіл(дер)і

ағылшын тілі

PubChem дерекқоры 2004 жылдан бері жұмыс істейді.[2]

Дерекқор

өңдеу

PubChem үш негізгі динамикалық дерекқордан тұрады. 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша:

  • Қосылымдар (PubChem Compounds) – 60 миллионнан астам жазба[3] (2011 жылы 31 миллион). Әртүрлі химиялық қосылыстардың сипаттамасын қамтиды.[4]
  • Субстанциялар (PubChem Substance) – 157 миллионнан астам жазба[5] (2011 жылы 75 миллион). Түрлі көздерден алынған үлгі қоспаларының сипаттамасын және PubChem BioAssay сайтынан қолжетімді биологиялық скрининг нәтижелеріне сілтемелерді қамтиды. Үлгінің химиялық құрамы белгілі болса, сипаттамада PubChem қосылыстарына сілтемелер бар.[6]
  • Биологиялық талдаулар (PubChem BioAssay) – миллионнан астам[7] өнімділігі жоғары виртуалды скрининг бағдарламасының биологиялық белсенділігінің нәтижелері.[8]

Дереккөздер

өңдеу
  1. PubChem Substance Data Source Information  (ағыл.). PubChem. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 қыркүйек 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 24 қыркүйек 2013.
  2. About PubChem. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 мамыр 2018.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 қазан 2015.
  3. Search Results for all compounds. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 сәуір 2017.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 қазан 2015.
  4. PubChem Compounds. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қазан 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 қазан 2015.
  5. PubChem Substance Results. The PubChem Project. USA: National Center for Biotechnology Information. Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 желтоқсан 2010.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 қазан 2015.
  6. PubChem Substance;. The PubChem Project. USA: National Center for Biotechnology Information. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 қазан 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 қазан 2015.
  7. Search Results for all BioAssays. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 қазан 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 қазан 2015.
  8. PubChem BioAssays. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 қыркүйек 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 2 қазан 2015.