Мануэль Нойер

Мануэль Нойер (нем. Manuel Neuer, 27 наурыз 1986 жыл, Гильзенкирхен) — неміс қақпашысы "Бавария" клубында және Германия құрамасында ойнайды. 2014 жылғы әлем чемпионы.

Мануэль Нойер Футбол
Мануэль Нойер
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

МАНУ

Туған күні

27 наурыз 1986 (1986-03-27) (38 жас)

Туған жері

Гильзенкирхен

Азаматтығы

Германия Германия

Бойы

194 см

Салмағы

93 кг

Позиция

қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Германия Бавария

Номері

1

Жастар клубы
1991—2005Германия Шальке 04
Клуб карьерасы[* 1]
2005—2011Германия Шальке 04197 (-190)
2011—Германия Бавария254 (-156)
Ұлттық құрамы[* 2]
2004—2005Германия Германия-1911 (-13)
2006—2009Германия Германия-2120 (-11)
2009— Германия92 (-80)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналадысоңғы рет жаңартылды: 20 қыркүйек 2020.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар санысоңғы рет жаңартылды: 20 қыркүйек 2020.

Ғұмырнама өңдеу

Клубтық өңдеу

Мануэль 5 жасынан бастап "Шальке 04" клубында футболмен айналаса бастаған. 2003 жылы 17 жасар қақпашы Шалькемен "аймақтық лигада" ойнады, бірақ сол жылы неміс футболының 4-ші дивизионына түсіп кетті.

2005-2006 жылғы маусымда Нойер "Шалькенің" қосалқы қақпашы ретінде шақырылды.Сол жылы "Шалькенің" қақпасын Франк Рост қорғайтын. Мануэль Бундеслигадағы ең бірінші ойының 2006 жылы ғана өткізді. Сосын ол "Баварияға" қарсы матча (2-2) өзін жақсы көрсетті, осыдан соң оның ойыны көктердің жаттықтырушысы Мирко Сломкеге ұнады, сондықтан ол негізгі қақпашы болды. Франк Рост содан кейін "Гамбургке" ауысты. Жалпы 2006/07 жылғы маусымда Нойер "Шальке 04" құрамында 27 ойын өткізді.

Мануэль "Шалькеде"

20 сәуірде 2011 жылы клуб Нойер "Шалькеде" қалмайтының айтты. Мануэльге клуб басқа көлемде ақша беруді уәде еткенмен ол келіспеді. "Шальке 04" клубы Нойердің клубта қалуын қалады.

8 маусым 2011 жылы "Бавария" Нойермен 5[1] жылдық келісім-шартқа қол қойды.18 миллион оған қоса 7 миллион Мануэльдің тамаша ойын көрсеткені үшін төледі.[2]

2012 жылы 19 мамырда Чемпиондар Лигасының финалында Мануэль "Челсидің" ойыншыларының пенальтиін қайтарды. Содан соң өзі Чехтың қақпасына 11 метр жерден гол соқты. Алайда "Бавария" 4-3 есебімен ұтылып күміс жүлдегер атанды.

Мануэль өзінің қақпадан шығып кетуімен өте танымал, ол қақпадан шығып допты баспен ұрып аланның ортасына дейін жеткізген.

Ұлттық құрама өңдеу

Германияның 19 және 21 жастағы құрамаларында ойнады.

2009 жылы 2 маусымда БАӘ құрамасына қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Германия Ұлттық құрамасы сапында алаңға шықты.

2010, 2014, 2018 жылғы әлем чемпионаттары мен 2012, 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарында негізгі қақпашы ретінде құрама қақпасын қорғады.

Жетістіктер өңдеу

Клубтық өңдеу

  • Бундеслига Чемпионы: 2013
  • Бундеслига Вице-чемпионы : 2007, 2010, 2012
  • Германия Кубогының иегері: 2011
  • Германия Суперкубогының иегері : 2012
  • Германия кубогының финалисі: 2012
  • Чемпиондар Лигасының финалисі: 2012
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2012/13, 2019/20
  • УЕФА Суперкубогы: 2013, 2020

Құрамада өңдеу

  • Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2009
  • Әлем чемпионы: 2014
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2010
  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012, 2016

Жеке өңдеу

  • Бундеслиганың Алды Қақпашы Kicker спорт журналының дерегі бойынша :2006/07–2010/11
  • Жыл спортшысы Гельзенкирхен қаласында: 2006/08
  • "Еуропа Алды Қақпашысы" атағына номинанты :2008
  • Үздік қақпашы Еуропа чемпионатында U-21: 2009
  • Германия жыл футболшысы:2011
  • Германияның ұлттық ойыншысы: 2020
  • ESM бойынша Жыл командасы: 2011/2012, 2012/2013, 2014/2015
  • IFFHS нұсқасы бойынша әлемнің үздік қақпашысы: 2013, 2014, 2015, 2016, 2020
  • IFFHS бойынша онжылдықтың үздік қақпашысы: 2011-2020
  • Еуропаның үздік қақпашысы: 2011, 2013, 2014, 2015, 2020
  • Футболдан әлем чемпионатының алтын қолғабы: 2014
  • Алтын доп ФИФА : 2014 (3-ші орын)
  • Ерлер арасындағы ФИФА-ның үздік қақпашысы : 2020
  • Жыл спортшысы AIPS: 2014
  • Жыл ойыншысы l ' Équipe: 2014
  • Еуропа AIPS Жыл спортшысы-франк Тейлор трофейі: 2014

Дереккөздер өңдеу

  1. Нойер: рад переходу в «Баварию»
  2. Manuel Neuer ist jetzt ein Bayer

Сілтемелер өңдеу