Диего Симеоне

Диего Пабло Симеоне (ис. Diego Pablo Simeone; 28 сәуір 1970 жыл, Буэнос-Айрес) — аргентиналық футболшы және футбол бапкері. Жартылай қорғаушы боп ойнаған. Футболшы карьерасын 2006 жылы аяқтаған.

Диего Симеоне Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Үндіс

Туған күні

28 сәуір 1970 (1970-04-28) (53 жас)

Туған жері

Буэнос-Айрес, Аргентина

Азаматтығы

 Аргентина

Бойы

177

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Атлетико Мадрид

Жастар клубы
Аргентина Велес Сарсфилд
Клуб карьерасы[* 1]
1987—1990Аргентина Велес Сарсфилд76 (14)
1990—1992Италия Пиза55 (6)
1992—1994Испания Севилья64 (12)
1994—1997Испания Атлетико Мадрид98 (21)
1997—1999Италия Интернационале57 (11)
1999—2003Италия Лацио90 (15)
2003—2005Испания Атлетико Мадрид36 (2)
2005—2006Аргентина Расинг (Авельянеда)37 (3)
Ұлттық құрамы[* 2]
1989Аргентина Аргентина-204 (1)
1988—2002Аргентина Аргентина (олимп.)6 (1)
1988—2002 Аргентина106 (11)
Бапкерлік карьерасы
2006Аргентина Расинг (Авельянеда)
2006—2007Аргентина Эстудиантес
2007—2008Аргентина Ривер Плейт
2009—2010Аргентина Сан-Лоренсо
2011Италия Катания
2011Аргентина Расинг (Авельянеда)
2011—Испания Атлетико Мадрид
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Өмірбаяны өңдеу

Футболшылық карьеасында испан және италиялық клубтарда көбірек табысқа жеткен. 1997 жылы "Интер" сапында УЕФА Кубогы мен УЕФА Суперкубогын ұтып алған. Ал 1999-2000 жылы "Лацио" сапында алтын дубльге қол жеткізді: Скудетто мен Италия кубогын ұтып алды.

2006 жылы Аргентинаның "Расинг" клубында ойнап жүріп футболшылық карьерасын тәмамдады да, осы клубтан бапкерлік жолын бастады. 2011 жылдан бері "Атлетико Мадрид" командасын баптап келеді. Алғашқы маусымда-ақ УЕФА Еуропа Лигасын ұтып алды. 2013 жылы клубты 10-шы рет Испания чемпионы атандырды. Кейін екі рет 2014, 2016 жылдары УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында сүрінді.

Аргентина құрамасында алғашқы ойынын 1988 жылы 18 жасында өткізген. Үш бірдей әлем чемпионатына қатысқан: 1994, 1998, 2002. Футболдан 1998 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Англиямен матчта қайта-қайта Дэвид Бекхэммен тоқайласа беріп, соңында жазықсыздау болса да Бекхэм алаңнан қуылып тынды.

Жетістіктері өңдеу

Футболшы ретінде өңдеу

 Аргентина

  • Оңтүстік Америка кубогы: 1991, 1993
  • Фадха Корольдың кубогы: 1992
  • Артемио Франки кубогының иегері: 1993
  • Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1996

Атлетико Мадрид

  • Испания чемпионы: 1995/96
  • Испания кубогы: 1995/96
  • Испания суперкубогы: 1996
  • Интертото Кубогының финалисі: 2004

Интернационале

  • УЕФА Кубогы: 1997/98

Лацио

  • Италия чемпионы: 1999/00
  • Италия кубогы: 1999/00
  • Италия суперкубогы: 2000
  • УЕФА Суперкубогы: 1999

Бапкер ретінде өңдеу

Эстудиантес

  • Аргентина чемпионы: Апертура 2006

Ривер Плейт

  • Аргентина чемпионы: Клаусура 2008

Атлетико Мадрид

  • Испания чемпионы: 2013/14
  • Испания кубогы: 2012/13
  • Испания суперкубогы: 2014
  • УЕФА Еуропа Лигасы: 2011/12, 2017/18
  • УЕФА Суперкубогы: 2012, 2018

Жекелей өңдеу

  • Испанияның үздік бапкері (2): 2013, 2014
  • Мигель Муньос жүлдесі (1): 2014

Жанұясы өңдеу

Ұлы — Джованни Симеоне, италиялық «Фиорентина» клубының шабуылшысы.