Глобус (лат. globus – шар) – Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель. Мазмұны жағынан жалпы географиялық, саяси, тектоникалық, климаттық және т. б. болып бөлінеді.

Глобус
Готтинген глобус

Глобус — картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Жер Глобусы тақырыбы (жалпы географиялық, саяси, тектоникалык, климаттық, тағы да басқалары), масштабы және арналу мақсаты бойынша бөлінеді. Ең көп қолданылатын Жер глобусы 1:30 000 000 — 1:80 000 000 масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492 жылы) деп саналады.[1]

Глобус — Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі.

Дереккөздер өңдеу

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6