Апостол

Апостол (грек. apostolos — елші, уәкіл) — христиандықтың алғашқы кезеңдерінде бір қауымнан екінші қауымға жаяу жүріп жетіп, дін уағыздаған әулиелер. Олар осылайша христиан қауымының аумағын кеңейтті. А-дар бір-біріне және ұжымдарға әр түрлі діни сенім-наным мәселелері мен ішкі жұмыстар туралы үндеу хаттар жіберу арқылы өзара қарым-қатынас жасап тұрған. Інжілдің құрамына енетін бірсыпыра уағыздарға осы үндеухаттар негіз болған сияқты. Кейінірек Жаңа өсиеттің (Інжіл) түзілуіне байланысты шіркеу рәсімі А. атын Христостың — Ғайсаның 12 шәкіртіне ғана тән деп бекітті. Айса мен оның шәкірттері қызметі туралы қасиетті жазбаларда айтылатын бұл 12 әулие мыналар: Андрей, Варфолемей, Иоанн, Иуда Искариот, Матфей, Петр, Симон Зилот (немесе Симон Кананит), Фаддей (немесе Иуда, Иаковтың баласы не інісі), Филипп, Фома, Иаков — Алфейдің баласы және Иаков — Зеведеяның ұлы (қ. Пайғамбар).

12 апостол Леонардо да Винчи көркемсуреті «Жасырын кеште»